Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктен ақша ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлер көліктен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, ол үйінің жанынакөше бойына көлігін қойып, үйіне кіріп-шығамын дегенше көлік ішінде тұрған 50 000 теңге ақшасы мен флеш картасының жоқ екенін байқаған. Ақшасы ұрлағанын білгеннен кейін, полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлықты ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке көшті. Тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көрген-білгендер жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерді. Нәтижесінде күдікті анықталып, орталық көшелердің бірінен ұсталды. Ол бұрын бірнеше рет ұрлық жасап сотты болған, жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай оңай жолмен ақша тапқысы келген күдікті көшеде ешкім жоқтығын пайдаланып, білдіртпей көліктің ашық тұрған терезесі арқылы ақшаны жымқырған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды. Айғақты зат ретінде флеш карта алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға бағалы заттарыңыз бен ақшаларыңызға барынша абай болыңыздар деп ескертеді. Яғни, ақшаларыңызды ашық тұрған көлікке, басқа да кез-келген жерге тастамаңыздар. Мүмкіндігінше көлігіңізді аулаңызға, ақылы автотұрақтарға есік-терезесін құлыптап қоюға кеңес береді. Егер де сіз де осындай ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның "102" телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру