Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті басқару құқығынсыз тізгінде болған мас жүргізуші ұсталды

Петропавл полицейлері есірткілік масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын көлік басқару құқығынан айырыла тұра, есірткілік масаң күйде көлік басқарған 37 жастағы Петропавл тұрғыны ұсталды.

Ол Хименко көшесі бойында жаяу жүргінші жолағынан жаяу жүргіншіні өткізбеген кезде патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына түсті. Жүргізуші полицейлерге жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан адамды байқамағанын айтқан. Құжаттарын тексеру кезінде бұл оның жалғыз бұзушылығы емес екендігі анықталды. Өткен жылдың жазында масаң күйде көлік басқарғаны үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылғандықтан жүргізу құқығы жоқ болып шықты. Оның үстіне медициналық куәландыру жүргізушінің есірткілік масаң күйде екендігін көрсетті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды, бұрын ұқсас бұзушылық жасағаны үшін жүргізушінің басқару құқығынан айырыла тұра, көлік құралын басқаруы заңнамамен қылмыстық жазаланатын әрекет ретінде қарастырылады. Қалалықтың «Toyota Rav-4″ автомобилі арнайы тұраққа қойылды.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-б. бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Аталған бап өмір бойына жүргізуші куәлігінен айыру, сонымен қатар 14 миллион теңгеге дейінгі айыппұл салу немесе түзеу, қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, – дейді Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру