Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті мас күйінде айдаған жүргізуші анықталды

Қызылорда облысының Төретам кентінде көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 желтоқсан күні сағат 03:00 шамасында полиция қызметкерлері Төретам кенті Байсейтова көшесінің бойында орналасқан «Альтаир» көлік жөндеу орталығының тұсында «Toyota Land Cruser»  маркалы автокөлік жүргізушісін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін тоқтату барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік басқарғанын анықтады.

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке  әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасына тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру