Көлікті мас күйінде басқарған Теміртау қаласының тұрғынына үйқамақ түрінде жаза қолданылды
Көлікті мас күйінде басқарған Теміртау қаласының тұрғынына үйқамақ түрінде жаза қолданылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 тамызда «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы ПБ патрульдік полиция батальонының отряды көпқабатты үйлердің бірінің жанынан Toyota көлігін тоқтатты. Көлікті 43 жастағы қала тұрғыны басқарған, одан алкогольдің иісі шыққан. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел адамның мас күйінде болғаны белгілі болды. Сонымен қатар, полиция өткен жылы оның көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын мас күйінде басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Қылмыскерге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.