Көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды
Батыс Қазақстан облысында 128 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік заңнамада кодекстің кейбір баптарының санкциялары күшейтілді. Атап айтқанда көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырумен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылады.
Ағымдағы жылдың басынан Әкімшілік құқық бұзушылық туарлы кодекстің 608-бабында қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке 172 жүргізуші тартылды. Өткен жылда осындай құқық бұзушылық үшін 259 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңнамадағы өзгерістер заңды күшіне енгеннен кейін, яғни ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін 128 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, олар көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Көлік құралдарын жүргізушілерді әкімшілік заңнаманың талаптарын бұзбауға шақырады және көлік құралдарын мас күйінде басқару шараларын қатаңдату еліміздің жолдарындағы апаттылықты азайту үшін өте маңызды.Сондай–ақ жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында қатаңдату қабылданғанын еске салады.
Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды облыс полиция департаментінің қызметкерлері күнделікті жүргізеді.