Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті масаң күйде басқарған Ақсу қаласының тұрғыны ұсталды

Көлікті масаң күйде басқарған Ақсу қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 мамыр мен 16 маусым аралығында Павлодар облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Осы кезеңде облыстың полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алты мыңнан астам бұзушылық анықтады.

– Ең көп таралған бұзушылықтардың бірі – ол қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұл ережені екі мыңнан астам жүргізуші елемеді, мыңға жуық жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланды және көптеген адамдар маневр ережелерін бұзды. Сонымен қатар мыңнан астам жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дөрекі бұзушылықтардың бірі-мас күйінде көлік жүргізу. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде осындай 123 факті анықталды, барлық жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы ПД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалы, 2021 жылы 5 маусымда сағат 23:35 шамасында Ақсу қаласының полицейлері Құрылысшылар көшесінде патрульдеу кезінде 40 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2107 маркалы автокөлігін тоқтатты, ол медициналық актіге сәйкес көлікті мас күйінде жүргізген. Мас күйінде болған жүргізушіге жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері мас жүргізушілерді анықтау ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі екенін тағы да еске салады. Қозғалыс қатысушыларының өздері жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесе алады. Жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, көлік жүргізетін жүргізушілер туралы ақпаратты «102» телефоны бойынша, «Police» мобильді қосымшасына немесе «dp_ pavlodar» Полиция департаментінің жеке хабарлауға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру