Көлікті заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды
Ақтөбеде біреудің көлігін заңсыз айдап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қыркүйекте Ақтөбе қаласы ПБ №2 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, сағат 13.30-дан 16:00-ға дейінгі уақыт аралығында оның танысы 11 мөлтек аудандағы үйдің ауласына еркін кіріп, «Лада-Приора» автокөлігін айдап әкеткен. Шығын көлемі 1 млн. 700 мың теңгені құрады.
Патрульдік полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында автокөлікті Кірпішті ауылының жолдың жүру бөлігінен тапты.
Аталмыш факт бойынша бұрын бірнеше рет сотталған Шалқар ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, оған қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
– Автокөлік құралдарын есіктерін жабық емес күйінде қараусыз қалу салдарынан ұрлықтардың ең көп саны аула аумағынан түнгі уақытта жасалады. Көбінесе автомобиль иелері кілемнің астына, басқа «оқшауланған» жерлерде көлік кілттері мен құжаттарын қалдырады, оны ұрылар жақсы біледі. Осылайша, иелердің өздері техниканы ұрлауға оңтайлы жағдай жасайды, – деді ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
Егер сіздің көлігіңіз ұрланған болса, дереу полицияға хабарласыңыз, ұрланған сәттен бастап, дереу хабар түскен соң, көлігіңізді «ізін суытпай» ұстау ықтималдығы жоғары болады. Полиция департаменті жүргізушілердің өз автокөліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударады.