Көлікті жалға алып, ұрлық жасаған елордалық азамат қолға түсті
Көлікті жалға алып, ұрлық жасаған елордалық азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорданың 55 жастағы тұрғыны «102» арнасына хабарласып, белгісіз біреу құлыпты бұзу арқылы саяжайға кіріп, үйдегі тауарлық-материалдық құндылықтарды алып кеткені туралы арызданған.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар 31 жастағы астаналықты анықтады. Қаскүнемнің жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін автокөлікті жалға алып, оны басқа мақсатта пайдаланғаны анықталды.
Белгілі болғандай, ер адам түнгі уақытта Есіл ауданы бойынша саяжай қоғамдарының біріне кіріп, құлыпты бұзып, үйге кіріп, екі күн ішінде тауарлық-материалдық құндылықтарды жасырын ұрлаған.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.