Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көмек көрсеткені үшін полицияға алғыс білдірді

Павлодарлық тұрғын көмек көрсеткені үшін полицияға алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қалалық полиция басқармасының ресми Instagram парақшасына қала тұрғынынан шынайы ризашылыққа толы алғыс хат келіп түсті. Азамат Павлодар қалалық ПБ Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлеріне анасының жоғалуына байланысты көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.

— 2 мамыр күні анам үйден шығып, қайта оралмады. Телефоны сөндірулі болды. Өз бетімізше жүргізген іздеу нәтижесіз аяқталған соң, біз полициядан көмек сұрадық. Жедел уәкіл Жандарбек Ахметов пен тергеуші Мәншүк Мұхтарова жоғалған зейнеткерді іздеу жұмыстарын дереу ұйымдастырып, барлық тиісті шараларды қолға алды. Көп ұзамай, полиция қызметкерлері анамды тауып, аман-есен отбасымызға оралды, - дейді ол.

Олардың жеделдігі мен жанашырлық танытқандары үшін зор ризашылығымды білдіремін. Күн сайын адамдарға көмектесіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз – құрметке лайық. Жұмыстарыңыз табысты, дендеріңіз сау, қызметтеріңіз өсіп, абыройларыңыз арта берсін, – деп жазды алғысын жеткізген ұлы.

Азаматтар тарапынан айтылған шынайы алғыс – полиция қызметкерлерінің ауыр әрі жауапты еңбегіне берілген ең әділ баға. Бұл олардың қызметіне деген сенім мен құрметтің айқын көрініс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру