Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көмір тиелген тіркеме аударылып қалды

СҚО-да көмір тиелген тіркеме аударылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, көмір тиелген тіркеме аударылып қалды. 21 қыркүйек күні «КамАЗ» көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Петропавл қаласынан Есіл ауданына бет алып бара жатқан. Бағдаршамның түсіне тоқтаған алдындағы көлікпен соқтығысуды болдырмаудың алдын алмақ болған жүк көлігінің жүргізушісі кенеттен жасаған тежеудің нәтижесінде көмір тиелген тіркемені аударып алған. Жол шетіндегі металл қоршаулар да зақымдалды.

Оқиға орнына келген Қызылжар ауданы полиция бөлімі құрамындағы әкімшілік полицияның инспекторы жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинап, апаттың салдарын жою үшін жедел түрде тиісті шаралар қабылдады.

«Қазақавтожол» ЖШС-ның жұмысшылары бірнеше сағат ішінде зақымданған қоршауларды қалпына келтірді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы бойынша жиналған әкімшілік материал шығын көлемі анықталған соң сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру