Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Компьютерлік клубта телефон ұрлаған астаналық азамат анықталды

Компьютерлік клубта телефон ұрлаған астаналық азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері компьютерлік клубтан телефон ұрлады деген күдікпен 21 жастағы астаналық тұрғынды анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт түнгі уақытта сол жақ жағалауда орналасқан компьютерлік клубқа уақыт өткізу үшін келген. Ойын залында болған кезде қасындағы компьютерде көршісінің ұйықтап отырғанын және телефоны үстелде қараусыз жатқанын байқаған. Әрекеттерін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген соң қаскүнем XiomiRedmi телефонын алып, клубтан шығып, “ізін суытқан”.

Қазіргі уақытта Астана тұрғыны ұрлық жасағанын мойындады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру