Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жігіт ашу үстінде сауда үйінің терезесін сындырды

Текелі қаласының тұрғыны ТЖ режимін бұзғаны үшін қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамға Текелі қаласындағы сауда үйлерінің бірінің терезесін сындырды деген айып тағылды.
Түнгі сағат 03:30 шамасында қаладағы сауда үйлерінің бірінің әйнегін белгісіз біреу аяғымен теуіп шаққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары даладағы бейнебақылау камераларының көмегімен осыған қатысы бар адамды жедел анықтап, оның із суытуына мүмкіндік бермеді.

Бейнежазбада ер адамның аталған дүкен есігін теуіп жатқаны анық көрініп тұр. Ұсталған азамат құрбысымен араздасып қалған соң, ашумен жасағанын жеткізген.
Аталған құқық бұзушылыққа орай ҚР ӘҚбК 476 бабына сәйкес хаттама толтырылды. Төтенше жағдай тәртібін бұзған тұлға сот шешімімен екі тәулікке қамаққа алынды. Қазіргі уақытта 1992 жылы туған азамат уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру