Конституция күні қарсаңында Павлодар облысы ҚАЖ қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті
Конституция күні қарсаңында Павлодар облысы ҚАЖ қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға жүйенің ардагерлері мен жеке құрам шақырылды. Құттықтаумен Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Әділет Мустафинов сөз сөйледі.
– Конституция күнін мерекелеу – еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі. Конституция жариялаған құндылықтарды сақтаумен қатар, азаматтар сенімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы өзара іс-қимыл жасау ішкі істер органдарының басымдықтары болып саналады. Сіздерге бейбітшілік, амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!, – деді өз сөзінде ҚАЖД бірінші басшысы.
Атаулы дата қарсаңында марапаттар мен атақтарды табыстау жағымды дәстүрге айналды. Сонымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен әділет майоры Динара Шукеноваға оның лауазымында көзделген атақтан бір саты жоғары “әділет подполковнигі” арнаулы атағы берілді. “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан ісі үшін” медалімен әділет подполковнигі Мадина Нуркенова, “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен әділет капитаны Данияр Байтемиров марапатталды.
Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлеріне “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгілері табыс етілді.