Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Конституция құрдастары – ел тыныштығының сенімді сақшылары

Қарағанды облысында кәсібилігімен де, қызметіне адалдығымен де ерекшеленетін тәртіп сақшылары бар. Солардың қатарында – майор Гүлжахан Сапарова мен капитан Серік Жарғай. Екеуі де Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған тарихи жыл – 1995 жылы дүниеге келген. Олар туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Гүлжахан Сапарова Алматы академиясын тәмамдап, 2017 жылдан бастап ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда ол Теміртау қалалық полиция басқармасының жауапты әрі бастамашыл қызметкерлерінің бірі ретінде танымал. Гүлжахан тек қызметтік міндетін адал орындап қана қоймай, спортта да жетістікке жеткен. Қоян-қолтық ұрыстан бастап, қарудан ату сайыстарына дейінгі жетістіктері оның қайсарлығы мен өзін-өзі жетілдіруге деген жігерін айқын көрсетеді.

Серік Жарғай – Бұқар жырау ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің заң факультетін бітірген ол, оқуын аяқтаған соң бірден полиция қызметіне келді. Әріптестері Серікті кәсіби дайындығының жоғары деңгейі, қарапайымдылығы және әрдайым көмекке дайын тұратын адами қасиеттері үшін ерекше бағалайды.

Конституция құрдастары атанған бұл жас офицерлер бүгінде өз борышын абыроймен атқарып, елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға сүбелі үлес қосып жүр. Олар – Қазақстан полициясының мақтанышы, жас ұрпаққа үлгі боларлық тұлғалар және Отанға адал қызмет етудің жарқын бейнесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру