Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көп балалы отбасыға медициналық бетперделер мен жеке қорғану құралдары тегін берілді

Ақмола облысы карантин режимін сақтау жағдайында, ҚР пенитенциарлық жүйесі ҚАЖ мекемелерінде негізгі борышын орындай отырып, штаттық режимде жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сонымен қатар, ҚАЖ органдарының жеке құрамы көмекке мұқтаж көп балалы отбасыларды, қарт адамдарды қолдау жауапкершілігін қолға алды. Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Көкшетаудағы көп балалы отбасына барды. Өз қаражаты есебінен көп балалы отбасына 150-ге жуық бір реттік және қайта қодануға болатын қорғаныс бетперделер, медициналық қолғаптар мен антисептиктер берді.

– ҚАЖ қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді, – дейді алты баланың анасы Анаргүл. – Бұл қиын кезеңде жұмыстарының қиындығына қарамастан бізді де ұмытпай, қолдау көрсетуде. Денсаулық жән сәттілік тілеймін!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру