Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпқабатты үйге ұрлыққа түскен шардаралық ұсталды

Шардаралық полицейлер көпқабатты үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Ол өзінің арызында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінде, құны 37 мың теңге тұратын үш дана «Лидер» атты жылыту құрылғылар мен әрқайсысы бір мың теңгеден тұратын 52 дана су жүретін құрылғысын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге жалпы 193 мың теңге материалдық шығын келтірілген.
Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Нәтижесінде полицейлер ақпарат көздері арқылы күдікті азаматты тұрғылықты мекен-жайынан ұстады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті азамат су жүретін құрылғыны сондай-ақ жылыту құрылғының бір данасын дүкендердің біріне жеті мың теңгеге сатып жіберген. Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдікті азаматтың бұрында осындай ұрлық істеріне қатысы барын анықтады. Бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін, терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Тіпті аз уақытқа болсын үйден шықсаңыз, сыртқы есіктер мен терезелерді мықтап жауып жүріңіз. Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру