Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көпшілікке танымал тұлғалар жүргізушілерді көлікті мас күйде басқармауға шақырды

Көпшілікке танымал тұлғалар көлік жүргізушілерін мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматының жолдарында 2 мың 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Бұл жағдай жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр.

Сот шешімімен 3 мың 993 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды, ал 2 мың 365 жүргізушіге әкімшілік қамау шарасы қолданылды.

Алматы полициясы бұл мәселені шешу үшін дабыл қағып, жұртшылықты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде тартты. Спортшылар, әншілер, әртістер және танымал тұлғалар өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жұмыстар жол қозғалысындағы тәртіпті жақсартуға және жол апаттарының алдын алуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру