Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан ақтөбелік ұсталды

Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан фармацевтикалық компанияның қызметкерін құрықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «Whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталды.

Тексеру іс-шараларын жүргізу барысында дауыстық хабарды таратқан әйелдің жеке басы анықталды. Ол фармацевтикалық компанияның 37 жастағы жұмысшысы болып шықты.

Жауап алу барысында ол қасақана жалған ақпаратты тарату фактісін мойындады. Қазір Полиция департаменті ҚР ҚК 274-бабының 2-бөлігінің сотқа дейінгі тергеуін бастады.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Полиция департаменті жалған мәліметтерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігіне сәйкес БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру