Көршісінен темір заттарды ұрлап сатқан теміртаулық ұсталды
Көршісінен темір заттарды ұрлап сатқан теміртаулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 мамырда Қарағанды облысы, Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық бөліміне 60 жастағы ер адамның өтініші түсті. Ол белгісіз біреу жеке үйдің аумағынан құны 400 мың теңгені құрайтын темір заттарды ұрлап кеткен деп түсіндірді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 22 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Анықталғандай, жәбірленушінің көршісі ондағы металға қызығушылық танытқан. Үй иесінің ұзақ уақыт болмауын пайдаланып, ол металл заттарды алып кетіп, кейіннен металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.