Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің екі бірдей телефонын ұрлап кеткен жетісайлық қолға түсті

Көршісінің екі бірдей телефонын ұрлап кеткен жетісайлық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Әйел адамның айтуынша, оның ауласындағы сәкі үстінде тұрған OPPO A53 және VIVO Y12 телефондарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 160 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашып, күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына шықты. Олар көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар жас жігіт ұсталды.

Анықталғандай, сезікті жас жігіт көршінің үйіне таңғы сағат 05:00 шамасында жәбірленушінің ұйықтап жатқанында ұрлыққа түскен. Яғни, ешкімнің көрмей тұрғанын пайдаланып, оңай жолмен олжалы болуды көздеген. Ұрлаған бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген. Полицейлер айғақты зат ретінде ұялы телефондарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру