Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің ұялы телефонын ұрлаған әйел Алматыда ұсталды

Түркістан облысының полицейлері көршісінің үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні Алматы қаласынан ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Онда әйел өзінің үйінде тұрған «Samsung» маркалы планшетін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленуші әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі 70 мың теңге. 

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Отырар АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Тәртіп сақшыларының жүргізген жұмыстары барысында күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Полицейлер күдікті әйелді Алматы қаласынан ұстады. Бүгінгі таңда ұсталған әйел өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушінің үйіне келген. Ал, жәбірленуші көршісіне жаңадан алған планшетін көрсеткен. Арада біршама уақыт өткен соң арызданушы балаларын ауруханаға алып бармақ болып, күдіктімен бірге үйінен шыққан. Алайда, есігін кілттемеген. Оны байқаған көрші әйел бірер минуттан соң көршісінің үйіне жасырын кіріп, планшетін алып кеткен. Күдікті өз арам ойын іске асырғаннан соң, оқиға орнынан бой тасалап, Алматы қаласына қарай бет алған. Қазіргі таңда полицейлер күдіктіге қатысты тергеуді жалғастыруда. Бас шарасы қолхатта.

Облыс полицейлері азаматтарға қырағы болуды және өз мүлкін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Тұрғын үйлер мен аулаларды бекітіп, сенімді құлыптармен және жақсы жарықпен жарықтандыру қажеттілігін айтады. Сондай-ақ түнгі уақытта есіктер мен терезелерді мықтап жауып, тіпті аз уақытқа да үй-жайды ашық тастап кетпеуге кеңес береді. Егер де сіз осындай жайттардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз онда міндетті түрде полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру