Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеде танысқан: Қарағандыда ер адам бөтелкелесін тонап кетті

Қарағандыда бөтелкелесін тонап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.4 тамызда Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөліміне Зеленский көшесіндегі үйлердің бірінде тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Бірнеше минуттан кейін қылмыс болған жерге жақын маңдағы патрульдік полиция жасағы келді.

Зардап шегуші – 59 жастағы ер адам көшеде танысқан адамды қонаққа шақырған. Ер адамдар өздерінің таныстықтары үшін алкогольді ішімдік ішкен. Біраз уақыттан соң қонақ күтпеген жерден пәтер иесіне жұдырығымен бірнеше рет соққы жасаған. Жәбірленуші есінен танып жатқанда, шабуылдаушы ұялы телефонын алып, қашып кеткен. Келтірілген залал көлемі 104 мың теңгені құрады.

Патрульдік полиция күдікті – бұрын сотты болған 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, ұялы телефон жәбірленушіге қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру