Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмаған 431 бала полицияға жеткізілді

Петропавлда ювеналдық полицейлер жыл басынан бері тәрбиесі қиын 69 жасөспірімді анықтап, тіркеуге алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасындағы қолайсыз атмосфера, жасөспірімнің ауыспалы кезі, мектептегі буллинг – осы және басқа да проблемаларды Петропавл қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция қызметкерлері «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты екі апталық ақпараттық кампаниясы аясында көтерді. Акция аясында полицейлер «Zoom», онлайн бейнеконференциялар алаңы арқылы 38 дәріс пен әңгіме ұйымдастырып, өткізді.

Полицейлер түсінікті болатындай етіп мектеп оқушыларына өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы, зорлық-зомбылық пен қатыгездікке кез-келген түрде төзбеушілік туралы, сондай-ақ егер бала тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраса немесе куәсі болса, мектепте жағдайы қиындық туғызған жағдайда іс-әрекеттер алгоритмі туралы хабарлауға, түсіндіруге тырысты. Танымал әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері де тиімді пайдаланылды: полиция жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына арналған ақпараттық роликтер дайындады, онда қалалық ведомствоның ювеналдық полицияның байланыс телефонын көрсетті.

Петропавл қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушеваның айтуынша, онлайн-конференциялар ұйымдастырумен қатар, полиция қызметкерлері профилактикалық рейдтерді белсенді түрде жүргізіп тұрады. Әлеуметтік педагогтар, психологтар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның және тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдерімен бірге қалалық ювеналдық полицияның есебінде тұрған 52 заңды өкіл, сондай-ақ тәуекел тобындағы 18 жасөспірімді тексерді. Қай жағдай болмасын алдын-ала әңгімелесу өткізіліп, алдын-ала шара қабылдау үшін отбасындағы жағдай зерттелді.

Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтың, балалардың қараусыз қалуының профилактикасы қалалық полиция басшылығының үнемі бақылауында. Жыл басынан бері ювеналдық полицейлер 100-ден астам рейд жүргізіп, оның барысында 722 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көшелер мен ойын-сауық мекемелерін тексеру барысында 431 кәмелетке толмаған бала полицияға жеткізілді. 69 жасөспірім анықталып, тіркеуге алынды. Жалпы, қалалық Полиция басқармасының ювеналдық полициясында 104 қолайсыз отбасы тіркеуде тұр. Тәртіп сақшылары полицияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге, сондай-ақ профилактикалық әңгімелер жүргізумен жүргізілетін тексерулерге қажетті көмек көрсету жедел іс-шаралар мен алдын алу акциялары мен науқанды өткізуге қарамастан, олармен жүйелі түрде жүргізілетіндігін атап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру