Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон заңнамасын сақтау: Атырауда 150-ден астам шетелдік тексерілді

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 30-ға жуық шетел азаматы елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын сақтауын бақылау, заңсыз көші-қон арналарын әшкерелеу, шетел азаматтарымен жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар жүргізуде.

Осы ретте, Атырау қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысын орындаудан жалтарып жүрген шетел азаматтарын анықтау мақсатында полиция басқармасының жеке құрамы іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 27 шетел азаматының тұрғылықты мекенжайы анықталып, олар сот шешіміне сәйкес еліміздің аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Сондай ақ жүргізілген іс-шаралар барысында 150-ден астам шетел азаматы тексеріліп, нәтижесінде ҚР келіп-кету заңнамаларын бұзғаны үшін 83 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517, 518-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Азаматтардың ел аумағында заңды негізде болуын қамтамасыз ету – ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру