Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көз ілмеген көз жұмады: ІІМ ескертеді

Жауапкершілік болмаса, жол қауіпті аймақ болып қала бермек. Белгіленген жылдамдық режимін сақтау мен демалысқа үзіліс жасау жай ғана кеңес емес, бұл өмірлік маңызды қауіпсіздік шаралары.

Жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандардың 60%-ы — қала сыртындағы жолдарда болған апаттардың құрбандары, ал олардың ішінде әрбір үшінші адам жылдамдықты асыру салдарынан апатқа ұшыраған. Ауа райының қолайсыздығы, бұрылыстар немесе көріну жағдайының төмендігі де қауіп тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ демалыс режимін сақтау өте маңызды. Шаршаған жүргізуші — жолдағы қауіптің бір түрі. Ұйқының қанбауы мен ұзақ уақыт тоқтаусыз көлік жүргізу адамның зейінін төмендетіп, реакциясын баяулатады, бұл өз кезегінде жолда қателік жасау қаупін арттырады.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: көлік тізгінінде сіз тек өз өміріңіз үшін ғана емес, жолаушылардың, басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де жауаптысыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру