Криминалистика – полиция қызметіндегі ең маңызды сала
Қызылорда облысының полиция департаменті мен Қызылорда Болашақ университеті арасындағы дуалды оқыту негізіндегі ынтымақтастық аясында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жүйе білікті мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дуалды оқытудың басты қатысушылары – оқу орнының студенттері мен тәжірибелі мамандар. Осы орайда Болашақ университетінің Құқықтану кафедрасында құқықтану мамандығының 1-курс студенттеріне Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел-криминалистика басқармасының аға криминалисі Ильяс Райханов криминалистика пәні бойынша тәжірибелік сабақтар өткізуде.
Сабақ барысында аға криминалис студенттерге криминалистика саласының ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Криминалистика – полиция қызметіндегі ең маңызды сала. Ол қылмыстық істерді тергеу кезінде дәлелдемелерді іздеу, табу, жинақтау және бекіту әдістерін үйретіп, арнайы техникалық құралдарды қолдану тәсілдерімен таныстырды. Мұндай тәжірибелік сабақтар болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және білікті маман болып шығуына зор ықпал етеді.