Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелін қызғанған күйеуі досымен адам сабап тастаған

Қарағанды облысында әйелін қызғанған жігіт досын ертіп барып Атасу кентінің тұрғынын сабап тастаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырда Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 43 жастағы Атасу кентінің тұрғыны хабарласып, екі жігіттің үй ауласында соққыға жыққанын айтып арызданған.


Полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 32 жастағы Атасу кентінің тұрғындары анықталды. Оқиғаның мән жайын анықтау барысында ұсталғандардың бірі жәбірленушінің күдіктінің жұбайына көз салып, кездесуге шақырғаны туралы СМС хат жазып, сол үшін қызғаныштан соққыға жыққандығы туралы мойындады.


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-тармағы (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру