Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Курчатов қаласының тұрғыны жеке пайдалану үшін жабайы сора өсімдігін жинаған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының 51 жастағы тұрғыны жекепайдалану үшін есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау қылмыстық қадамына барған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 25 маусымында «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында келіп түскен жедел ақпарат бойынша азаматтың пәтеріне шұғыл тінту жүргізілді.

Пәтерді тінту кезінде кіреберістегі бөлмедегі тумба үстінде ішінде ерекше иісі бар қою жасыл түсті өсімдік заты бар қағаз орамы табылып, тәркіленді. Сонымен қатар ас үй бөлмесіндегі терезенің сыртқы жағынан белгілі бір иісі бар қою жасыл түсті өсімдік заты бар сіріңке қорапшасы табылды.

Жауап алу барысында ер адам кептірілген марихуана оған тиесілі екенін және оны 2020 жылдың қыркүйек айында Курчатов қаласының шетінде жабайы қарасора бұталарынан жеке пайдалануға жинап алғанын түсіндірді.

Сараптама қорытындысына сәйкес пәтердегі кідіріссіз тінту барысында алынған өсімдік тектес зат жалпы салмағы 4,22 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылды.Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру