Күш көрсетіп, телефонын тартып алды
Қарағандылық полицейлер тонау жасаған 18 жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 19 жастағы қала тұрғыны хабарласып, екі күн бұрын белгісіз біреу күш көрсету арқылы құны 59 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткендігі туралы хабарлаған.
Арызданушы полиция қызметкерлеріне күдіктінің нақты белгілерін киген киіміне дейін суреттеп берген. Осы арқылы полиция қызметкерлері бұрын осындай қылмыс жасаған 18 жастағы күдіктіні анықтады.
21 қыркүйек күні жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.