Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«LADA» көлігін сүйреп кеткен ұры ұсталды

Атырауда полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнебақылау камераларының көмегімен ұрланған автокөлікті тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция басқармасына С.Датов көшесіндегі №15 үйдің ауласында тұрған «LADA Granta» автокөлігінің жоғалғаны туралы қала тұрғыны арызданды.

Арызданушының айтуынша, автокөлігін тамыздың 1-11 аралығында аулада қараусыз қалдырған.
Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының инспекторы Гаухар Султанова, көрсетілген мекен-жай маңайында орналасқан бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарау кезінде, іздестіріліп жатқан көлікті ауладан «Mitsubishi L200″маркалы көлікпен сүйреп шығарғанын анықтайды.

Қырағы капитан бұл ақпаратты шұғыл кезекші бөліміндегілерге баяндайды. ҚПБ Жергілікті полиция бөлімінің инспекторлары ұзамай қолды болған «LADA»-ны дәл сол Датов көшесіндегі №25 үйдің ауласынан тауып иесіне қайтарды.

Ұзамай қылмысқа қатысты 1990 жылы туған ер адам ұсталды. ҚР Қылмыстық кодекстің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру