Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Леңгірлік алаяқ Шымкент тұрғынын 700 мыңға алдап кетті

Шымкенттік полицейлер жұмысқа кіргізіп беремін деп 700 мың теңгесін иемденіп кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы жұмысқа кіргізіп беремін деп 700 мың теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей немесе ақшасын қайтармай, алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Түркістан обылысы Леңгір қаласының тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру