Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Лисаковта өз үйінде ер адамның мәйіті табылды

Лисаков қаласында полицейлер аса ауыр қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 желтоқсанда Лисаков қаласында жеке үйден 46 жастағы ер адамның зорлықпен өлу белгілері бар мәйіті табылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде сол күні Лисаков қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды, – деді Лисаков қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары Ораз Жайсанбай.

Қазіргі уақытта күдікті кінәсін мойындады. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру