Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ломбард қызметкері алтын бұйымдарды басқа ломбардқа салу үшін ұрлаған

Семейде ломбард қызметкері алтын бұйымдарды басқа ломбардқа салу үшін ұрлап кетті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов полиция бөліміне ломбард директоры келіп, түгендеу кезінде 4 000 000 теңге сомасына алтын бұйымдардың жетіспеуін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Әуезов полиция бөлімшесінің қызметкерлері ломбард қызметкерінің бірі алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін анықтады.

5 ай ішінде зергерлік дүкенде жұмыс істеу кезінде 21 жасар ломбард бағалаушысы рұқсатсыз ломбардтың алтын бұйымдарын алып, кейін басқа ломбардқа өзінің құрбысының атынан тапсырған.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру