Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Лотоклуб ойыншыларды алдын ала жазылу арқылы қабылдаған

Павлодарда карантин шектеулеріне қарамастан жұмыс істеген лотоклуб ойыншыларды «WhatsApp» мессенджері арқылы қабылдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері мониторингтік топ құрамында Павлодар облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарының сақталуын тексеру бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

– Кезекті рейдтік шаралар барысында Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Назарбаев даңғылы бойындағы лотоклубтың жұмыс істеп тұрғанын анықтады, клуб ғимаратында жеті ойыншы және бес қызметкер болды. Мекемеге кіру «WhatsApp» мессенджері арқылы алдын ала жазылу жолымен жүзеге асырылған, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің ЖПҚБ бастығы Диас Сәтбаев.

Бұл факт бойынша жинақталған материал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  425-бабы  (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру