Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында әскери-патриоттық бағыттағы "Бес қару" сайысы өтті

М.Есболатов атындағы Алматы академиясының алаңында әскери-патриоттық бағыттағы "Бес қару" атты сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетекші күштік құрылымдардың курсанттары қатысқан бұл додада жауынгерлік дайындық пен патриоттық рух сынға түсті. Қатысушылар түрлі сынақтардан өтіп, өздерінің шеберліктері мен төзімділіктерін көрсетті. Олар жүгіру, керме сатыда қолмен жүру, қорғаныс киімін кию, Калашников автоматын шашып-жинау, жаралыны эвакуациялау сынды жаттығулар бойынша бақ сынады.

Физикалық дайындық, топтық үйлесімділік пен тактикалық тапсырмаларды нақты орындау – жарыстың негізгі талаптары болды. Бұл сайыс болашақ офицерлер үшін қажетті мінез-құлық пен ерік-жігерді қалыптастыруға бағытталған.

– Алматы академиясы мен Бостандық ауданының демалыс орталығы ұйымдастырған бұл жарысқа нағыз жігерлі де мықты курсанттар қатысты. Мұндай сайыстар жас сарбаздардың рухын шыңдап, оларды нағыз Отан қорғаушылар ретінде тәрбиелеуге сеп болады, – деді академия бастығының орынбасары Елнар Жақиянов.

Жарыс нәтижесінде:
1-орын – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясы,
*2-орын – ҚР ҰҚК командасы,
*3-орын – Алматы академиясы иеленді.

Сайыс – жастардың отансүйгіштік рухын арттырып, әскери тәртіпке бейімдеудің жарқын үлгісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру