Май ауданының аумағында жедел «Тұрмыс» алдын алу іс-шарасы өткізіледі
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін 2020 жылдың 12-14 тамыз аралығында алдын алу шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтің негізгі мақсаты – ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және тұрмысы төмен отбасылармен әңгімелесу.
Айта кету керек, полицияның учаскелік инспекторлары ата-аналар мен балаларға жиі барып, бақылау жұмысымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру шараларын жүргізетін болады. Олар азаматтарға полиция қызметкерлерін «102» телефоны арқылы немесе өздерінің учаскелік инспекторларына көрші жерде тұратын және түрлі құқық бұзушылықтар жасаған, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын, есірткі заттарын пайдалану әрекеті байқалған адамдар туралы хабардар ету қажеттігі туралы ескертеді.