Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлаған барымташылар қолға түсті

Жезқазған қалалық ПБ жедел уәкілдері мал ұрлаған барымташыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


24-ші сәуір күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 51-жастағы мал иесі арызданып, белгісіз біреулердің жайылымнан 3 бас ірі қараны ұрлап, 1 200 000 теңге шығын келтіргені жөнінде арызданған.
Жезқазған қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26-30 жас аралығындағы үш адам анықталып ұсталды. Ұсталғандардан айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру