Мал ұрлығы қылмысының 2 дерегі ашылды
«Мал ұрысы» ЖПШ барысында бір тәулікте қызылордалық полицейлер өткен жылдардың екі ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 маусым күні «Мал ұрысы» іс-шараcы барысында Қызылорда облысының Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері былтыр орын алған мал ұрлығы қылмысының бір дерегін ашты.
Атап айтқанда, өткен жылдың тамыз айында белгісіз біреу бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру
мақсатында мал жайылымында жайылып жүрген құны 150 000 теңге тұратын жылқы малын ұрлап кеткен. Іздестіру жұмыстарының қорытындысында қылмысты жасаған 42 жастағы осы ауданның тұрғыны екені анықталды.Ол жасаған қылмысын толығымен мойындады.
ҚР ІІМ-нің «Ұрлықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламаны» іске асыру бағытындағы ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес, мал ұрлығын ескерту және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру және аудан көлемінде қалыптасқан криминогенді жағдайды ескере отырып, жауапты аумақтық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасаса отырып, мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында, облыс көлемінде биыл 8-12 маусым аралығында мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға,
оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Аумақтық ауыл шаруашылығы басқармаларының мамандарын (ветеринариялық бақылау инспекторлары мен ветеринариялық дәрігерлер) тарта отырып, тасымалданатын малдың тиесілігін тексеру мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автомашиналарға тиісті құжаттардың болуына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құқық бұзушыларды ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, ет өнімдері сатылатын сауда орындарында, базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.