Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Атырауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің нұсқауымен өңірде мал ұрлықтарының алдын алу, ашу бағытындағы шаралар күшейтілді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында биылғы жылдың ақпан, қазан, желтоқсан айларында Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың малын қолды еткен қылмыстық топ ұсталды.

Полицейлер қылмыстық топтың бірнеше жылқымен қатар, сиыр мен түйе де ұрлағандарын анықтады. Махамбет және Құрманғазы аудандарының екі тұрғыны уақытша ұстау  изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру