Ұрлық үстінде ұсталған үшеу
Қызылордалық полицейлер мал ұрлаған үш жігіттің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген рейд кезінде 13 наурыз күні таңғы 5-тер шамасында «ВАЗ-2114» автокөлігі тоқтатылған еді. Сақшылар машинаның жүк салғышынан құжатсыз ірі қараны көреді. Көлікте болған үшеу малды ұрлап бара жатқан жерінен ұсталған екен. Үшеуі де Қызылорда қаласының тұрғындары. Мал Талдыарал елді-мекенінде қорадан ұрланған болып шықты. Оны әрі қарай сату үшін Қызылорда қаласына алып келгенн. Үш күдікті де сол жерде қолға түсті. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында отыр.
Енді ол үшеудің басқа да мал ұрлығына қатысы бар-жоғы тексеріледі. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188/1-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.