Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлықтарының алдын алу бойынша шаралар қабылдануда

Көксу ауданының тәртіп сақшылары мал ұрлықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көксу ауданының полицейлері мал ұрлықтарының алдын алу және мал мен ет өнімдерін тасымалдау барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы бейнеүндеу жолдады.

– Заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын көзі қарақты жұрт жақсы біледі. Сондықтан мал және ет өнімдерін сататын және тасымалдайтын адамдарға түсінікті болуы үшін бейнеролик түсірдік. Осы аймақтағы ең ірі мал базары бізде болғандықтан, ұрланған мал саудасының алдын алу мақсатында мал құжаттары тұрақты түрде тексеріледі. Биыл ауданда 11 мал ұрлығы ашылып, 20-ға жуық мал заңды иелеріне қайтарылды. 9 адам мал ұрлығына қатысы бар деген айыппен жауапкершілікке тартылды,- деп атап өтті Көксу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрболат Төлебаев.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Кербұлақ, Көксу, Ескелді және Ақсу, Сарқан аудандарының тұрғындары малдарын саудалайтын Балпық би кентіндегі мал базары маңында екі полиция бекеті орналастырылған. Бекетте мал құжаты жіті тексеріледі.

Сатуға әкелген малының құжаттары талапқа сай болмаған жағдайда, мал сатушы аудандық ветеринарлық қызметке жіберіліп, оны әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылады.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары қандай да бір құқық бұзушылыққа жол бермес үшін, мал және ет өнімдерін тасымалдауды ертерек жоспарлап, құжаттарын әзірлеу қажеттілігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру