«Мал ұрысы» іс-шарасы: атыраулық полицейлер екі күнде 60-қа жуық құқық бұзушылықты анықтады
Атыраулық полицейлер «Мал ұрысы» іс-шарасының екі күнінде 60-қа жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды ескерту және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз сақтау мәніне мал жайылымы учаскелерін тексеру мақсатында 15-24 қараша аралығында республикалық «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
– Мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер мен ет өнімдерін сататын базарларды тексеру үшін 10 топ құрылып, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 71 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 45 орын мен 103 шаруа қожалықтары тексерілді. Нәтижесінде, малдар мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың жеті фактісі анықталып, жеті тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабының 1-бөлігіне сәйкес, алты фактісі бойынша – 10 АЕК, бір фактісі бойынша – 20 АЕК әкімшілік айыппұл салынды. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюдың 39 фактісі анықталып, 39 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 1-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып ескерту жарияланды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 1 қылмыстық топ (2 адам) пен 4 тұлға анықталып, ұсталды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды және ұжымдық шаруа қожалықтарына тексерулер жүргізу арқылы бір заңсыз сақталған атыс қаруы, жеті дана оқ-дәрілер анықталып, тәркіленді.
Бұдан бөлек, тексерулер нәтижесімен азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану және тасымалдау бөлігін бұзғаны үшін 12 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.