«Мал ұрысы»: Шымкентте тиісті құжатсыз мал тасымалдаған 5 автокөлік иесі анықталды
Шымкентте тиісті құжатсыз мал тасымалдаған 5 автокөлік иесі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қарашадан бастап Шымкент қаласы аумағында мал ұрлығының алдын алу мен ашуға бағытталған «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел-профилактикалық іс-шараның екі күнінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын тіркелген 6 мал ұрлығы дерегі ашылды.
Сондай-ақ, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мал тасымалдайтын автокөліктерді анықтап, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Мысалы, Қызылжар шағынауданында орналасқан қалалық мал базары аумағына кіріп-шыққан жалпы 47 автокөлік тексеріліп, малды тиісті құжатсыз тасымалдаған 5 жүргізуші анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу) бойынша жауапқа тарту үшін қалалық ветеринария бөліміне құжаттар жолданған.