Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің қорасына түскен ұры ұсталды

Түркістан облысында көршілерінің малын ұрлады деген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында Шардара аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып, түн ішінде қорадан малы ұрланғанын хабарлады. Шығын – 60 мың теңгеге шықты. Арада бір апта уақыт өткенде полицияға тағы бір шардаралық тұрғын арызданады. Оның да қора жайынан малы ұрланған. 

Аталған жайттар ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жедел-іздестіру іс-шаралары атқарылып жатыр.

Шардара аудандық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері мен учаскелік инспекторлары бірлесіп, жақын маңдағы барлық аумақтарды тінтіп, куәгерлерден сұрап, мал тасымалдайтын автокөліктерді және сойып, ет сататын орындарды мұқият тексеріп шықты.

Нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні құрықтады. Ол – жәбірленушілердің көршісі болып шықты. Қойларды ұрлап қана қоймай, сатып жіберген. Тәртіп сақшылары одан екі қойды тәркілеп, заңды иелеріне қайтарып берді.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Ауыл тұрғындары Шардара аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғысын айтты

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болып өз мүліктерін қараусыз қалдырмау керек екенін ескертеді. Шаруашылық жайлар сенімді қоршаулармен қоршалып, жарықтандырылғаны жөн. Төрт түлікті таңбалау мен сырғалауды да ұмытпаңыздар.

Малдарыңыз жоғалса немесе ұрланса тез арада полицияға хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру