«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шара барысында ұрланған сегіз мал иелеріне қайтарылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бұрын орын алған мал ұрлығына қатысты үш қылмыстық іс, кезекші тәулікте орын алған екі қылмыстық іс, өткен жылдардағы бір қылмыстық іс ашылды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 24-28 ақпан аралығында жалпы сегіз бас ұрланған мал иелеріне қайтарылды, оның ішінде бір бас қой, бес бас жылқы, екі бас сиыр.
Қала көлеміндегі барлық базарларда, соның ішінде ұрланған мал сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін орындарда шұғыл тексеру жұмыстары жүргізіліп, ет өнімдерін алып сататын 101 дүкен, ет тасымалдайтын 103 автокөлік және 17 қасапшы тексерілді.
Шымкент қаласы аумағында мал ұрлықтарына қарсы күресу жұмыстарын жандандыруға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылу үстінде.