Малдағы чип ұрлықты ашуға көмектесті
Абай облысында полицейлер екі адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалбатау – Семей тас жолында автокөліктерді тексеру барысында Жарма ауданы тұрғынының көлігі тоқтатылды. Ол ет тасымалдамақ болған.
Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.
Мал ұрлығына жол бермеу үшін ІІМ қауіпсіздік нормаларын сақтауды ұсынады:
– малды қараусыз қалдырмаңыз;
– GPS-трекерлерді орнату арқылы асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;
– малды чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта ұрланған малды іздеуге, сондай-ақ ықтимал дауларды шешуге көмектеседі.