Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Малкеждар Бөкенбаев рухына арналған тағылымды кездесу

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында батырдың қызы Шахизада Малкеждарқызы Ақтөбе заң институтына келіп, әке рухына тағзым етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың қызы – Шахизада Малкеждарқызы туған жері Ақтөбеге арнайы сапарлап келіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына ат басын тіреді.

Жасы келгенімен, жүрегі елге деген махаббат пен әке рухына деген құрметке толы Шахизада апайымыздың айтулы мереке қарсаңында оқу ордасына барып, ерлік пен елдік өнегесін паш етуі – институт қабырғасында білім алып жатқан жас буын үшін тағылымды, тарихи кездесу болды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада батыр бабамыздың көзін көрген ұрпағы – Шахизада Малкеждарқызына ерекше құрмет көрсетіліп, "М.Бөкенбаевқа – 100 жыл" мерекелік төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар институт басшылығы атынан арнайы сый-сияпат ұсынылды.

Бұл кездесу – батыр рухына тағзым, ұрпақ санасына ұлтжандылық пен ерлік рухын сіңірудегі маңызы зор.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру