Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлерінің балалары арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ұйымдастыруымен қызметкерлердің балалары арасында “Тәуелсіздік-тұғырым” атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайысқа 5-10 жас аралығындағы 10 бүлдіршін қатысты. Бүлдіршіндер қазақ ақындарының Тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Балалардың өнерін ҚАЖД қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы бағалады.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен бүлдіршіндер алғыс хаттармен марапатталып, оларға сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру