Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау колониясында сотталғандарды 130-дан астам бейнебақылау камерасы бақылайды

Маңғыстау колониясында сотталғандарды 130-дан астам бейнебақылау камерасы бақылайды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сотталғандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №43 мекемесінде үздіксіз бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс іске асырылды.

Бейнебақылау камераларын орнату бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтау және қорғау мақсатында жүргізіледі, сондай-ақ сотталғандар тарапынан да, мекемелер әкімшілігі тарапынан да ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға алуға бағытталған.

– Қоныс колониясы камералармен жабдықталған. Қазіргі уақытта 131 камера орнатылған. Бейне жүйелерінің материалдарымен мекеме қызметкерлері тікелей жұмыс істейді. Олар сотталғандарды қарайды, режимнің сақталуын бақылайды, тәртіптің бұзылуын тіркейді. Бұл құқық бұзушылықтарды түсіріп, олардың пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті мекеме бастығы Азат Орынбасаров.

Сондай-ақ ол бейнебақылау нақты уақыт режимінде уақытылы бақылауды қамтамасыз ететінін және қызметкерлер мен сотталғандар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерді барынша азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру