Маңғыстау облыстық ПД басшылығы ІІО ардагерін 80 жас мерейтойымен құттықтады
Ішкі істер органдарының қалыптасуына зор үлесін қосып, аталған салада 25 жыл абыроймен қызмет атқарған Валерий Овчинников 80 жасқа толды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ардагерді ұлықтап, аға буынның еңбек жолын жастарға дәріптеу мақсатында полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ардагерлер кеңесі зейнеткерді туған күнімен құттықтады.
Өңіріміздің бас полицейі Сағындық Аяғановтың атынан құттықтау хаты мен сый-сыяпаттар табысталды.
Валерий Овчинников 1944 жылы 9 қазан күні дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1974 жылдан бастап қызмет еткен. Еңбек жолының басым бөлігін жедел қызметке арнаған.
1996-1999 жылдар аралығында жедел криминалистика басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызмет етіп, зейнетке шықты.